Елордамыз Астананың 20 жылдығы мерекесіне байланысты жəне "Денсаулық жолы" айлығына орай кардиолог Космагулова А.А жүрек – қантамырлары ауруларының алдын алу бойынша Өлеңті ауылында фельдшерлік-акушерлік пунктте семинар өткізді. Барлық қатысушылар, 12-дан астам адам, сауалнама толтырып, сұрақтар қойып, белсенді түрде қатысты. Семинардан кейін, дәрігер, азаматтардың жеке қабылдауын өткізді, аурулардың тарихымен танысты және оларға ұсыныстарын берді.