Вакцина профилактикада ең маңызды роль атқарады. Тұрғындар арасында бұл негізгі және қолданбалы алдын алу шаралары болып келеді. Иммунизация жүргізу әртүрлі жұқпалы аурулардың біріншілік алдын алуда ерекше маңызы бар. Қазіргі таңдағы медицина саласы жалпы эпидемия болуын алдын алуда әртүрлі әдістерімен алда келе жатыр. Сол көптеген денсаулықты нығайту және алдын алу шаралар ішінде алдынғы орында екпе жасау болып келеді. Вакцинация барлық уақытта көптеген қауіпті жұқпалы аурулармен күресудің негізгі құралы.

Адам организміне әлсіз микроорганизмдерді енгізу әдісі 18 ғасырда медицина ғылымындағы көрнекті жетістіктердің бірі иммунитет қалыптастыру мақсатында  миллиондаған адамдар өмірін құтқарды.

 

Қазіргі таңда жаһанда вакцинация күрестің инфекциялық ауруларда ең тиімді және экономикалық адал әдістерінің бірі.


Жедел вакцинация. Жедел вакцинация мемлекеттік медициналық мекемеде ақы-пұлсыз,медициналық полистің барына қарамастан, жұмыс жері жедел вакцинация жүргізеді. Мысалы: айталық, хайуанаттар тістеген кезде, айрықша жабайы түлкілер немесе иесіз иттер, сол кезде құтыруға қарсы вакцина салынады. Ең тиімді - ерте салынған вакцина.

Жоспарлы вакцина-арнайы жоспарға сай егу – ұлттық профилактикалық күнтізбе егуі. Ұлттық профилактикалық күнтізбедегі инфекцияға қарсы вакцинация тегін өткізіледі. Әр адам тегін екпе алуға құқылы. Вакцинамен қамтамасыз ету мемлекеттік деңгейде іске асады.

Ұлттық профилактикалық егу күнтізбесі - бұл ресми құжат, мерзім мен егуді ұластыру тізбегін тағайындайды. Түрлі ел күнтізбелерінің бөлектенуі инфекциялық аурулардың ерекшеліктерімен және нақты территория мен қаржыландыру көлеміне байланысты.

Балаларға егу. Өмірдің бірінші тәуліктерінде балаға туберкулез және В гепатитіне қарсы вакцина егеді. Бұл нәресте денсаулығы үшін қажет. Егудің көбін нәресте бірінші жылында алады.Бұл баланың шектеулі байланыстан қажетті иммунитеті балабақшаға барған кезде көп көлемді инфекциядан қорғану үшін осы кезде қалыптасады. 1 жаста нәресте туберкулез, В гепатиті, коклюш, дифтерия, сіріспе,пневмакокк, қызылша, қызамық және паротиттен егу алуы тиіс. Әр айтылған ауру балалық  шағында ауыр түрде өтеді. Кейбір ата-ана егуге алаңғасар қарап немесе бас тартып  өз баласын аурушаңдыққа  итермелейді. Дәрігер ұсынған тізім мен егу уақытын сақтау қажет. Бүгінгі таңда көкжөтел мен дифтерия ауруына шалдығулар дамыған елдерде бірен-саран тіркеледі. Бұл вакцинацияның тиімділігінің талассыз айғағы болып табылады. Ата-аналар балаларының вакцинациясына жауапкершілікпен қарау керек.

Вакцинацияға жіберер алдында дәрігер  қандай инфекцияға қарсы егу жүргізілетіні және қандай препарат салынатыны жайлы айтып  түсіндіруі  керек. Дәрігер вакцина қоюдың алдында температураны өлшеуге міндетті. Балаларға вакцинация жасардың алдында, ата-анасы толығымен ақпараттанған болуы тиіс,және өз қалаулары бойынша информациялық келісім жазулары тиіс.

Құрметті ата-аналар.

Вакцинациялау арқылы алдын алуға болатын жұқпалы аурулардан жер бетінде жүзмыңдаған балалар өмірмен қоштасуда.Біз аталмыш аурулардан балаларымызды қорғаудың ең сенімді жолы -уақытылы вакцинациялану екенін естен шығармауымыз қажет.Алдын ала егу көмегімен көптеген инфекциялық аурулардың кездесуі мен өлім салдарын азайту мүмкіндігі туады.


Халықты вакцинациялауды үздіксіз орындау қажеттілігін есте сақтағанымыз абзал.