Жаңалықтар
24.04.2017 – 30.04.2017 жылы аралығында ШЖҚ МКК «Сырым аудандық орталық ауруханасы» Дүниежүзілік иммундау апталығы өткізілуде.
«Мейірімді көктем» акциясы аясында Ұлыстың Ұлы күніне орай аудандық орталық аурухананың терапия, перзентхана, мейірбике күтімі бөлімдері ардагерлерін шақырып, дастарханнан дәм татқызды. Аудандық аурухана басшысышының орынбасары Роза Тахамбетова сөз сөйлеп, құттықтап,ардагерлергесый-сияпат ұсынды.
2017 жылдың 13 наурыз күні Сырым аудандық орталық ауруханасының емхана меңгерушісі Серікбаева А.Е., онколог дәрігер Еспентаева Т.А., фтизиопедиатр Искалиева У.Г. және Сырым аудандық тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасының эпидемиолог дәрігері Муканова Л.Н. Бұлдырты ауылының тұрғындарына екпенің маңыздылығы жөнінде ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жиналған жұрт өз сұрақтарын қойса, сала мамандары тиісті жауаптарын берді.
Аудандық орталық ауруханада Алғыс айту күні аясында Сүйінші акциясы ұйымдастырылды. Акция барысында жаңа босанған жас ана Ж.Абдрахмановаға 04.03.1994ж.т. Сырым аудандық орталық аурухана ұжымы атынан директорың орынбасары Р.Тахамбетова мен кәсіподақ ұжымы атынан кәсіподақ мүшесі Б.Идиятова мерекемен құттықтап сый сияпат көрсетті.