Жаңалықтар

ШЖҚ МКК «Сырым аудандық орталық ауруханасы» 1 Маусым Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне орай аудандық аурухананың реабилитация бөлімі мүмкіндігі шектеулі балаларға арнап көңілді мерекелік шара өткізді. Аудандық аурухананың кәсіподақ ұйымы балаларға тәттілер мен сыйлықтар таратты.

ШЖҚ МКК "Сырым аудандық орталық ауруханасы" 2017 жылдың 15 мамыр күні «Отбасы, салауатты өмір салты және тұрақты болашақ!» ұранымен Дүниежүзілік отбасы күнін атап өтті.

Жыл сайын Дүниежүзілік демікпе күні аталған мәселеге жұрттың назарын аудару мақсатында «Демікпеге қарсы ғаламдық бастама» (Global Initiative for Asthma) бастамасы бойынша мамыр айында аталып өтті. 2017 жылдың 11 мамыр күні ШЖҚ МКК «Сырым аудандық орталық ауруханасы» ақпараттық науқан «Демікпе: таза ауа –жеңіл тыныс!» ұранымен өткізді. Жалпы қамтылғандар саны: 24 адам.

04.05.2017жылы ШЖҚ МКК «Сырым аудандық орталық ауруханасы» Аралтөбе дәрігерлік амбулаториясынының медбикесі балабақша кешгеніне барып травманың алдын алу жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

21.04.2017 жылы сағат 15:00-де аудандық орталық аурухананың конференция залында «Парасыз болашаққа Бірге» тақырыбында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Біржан Марданұлы Хайруллин аурухана қызметкерлерімен кездесі өткізді.

2017 жылдың 24 – 30 сәуір аралығында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасы бойынша Еуропа аймағында, соның ішінде Қазақстан Республикасында «Вакцина әсер етеді» ұранымен Еуропалық иммундау апталығы өткізілуде.

24.04.2017 – 30.04.2017 жылы аралығында ШЖҚ МКК «Сырым аудандық орталық ауруханасы» Дүниежүзілік иммундау апталығы өткізілуде.