Жаңалықтар

Сырым АОА дәрігер психиатры Ж. Хасанова мен психологы А. Кузирова 10.10.17ж Сырым колледжіне Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні аясында «Жанын сау болмай, денің сау болмас!» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

ШЖҚ МКК "Сырым аудандық орталық ауруханасында" қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға 02-06.2017ж аралығында "Ашық есік күні" өткізілді.

08.09.17ж Сырым ауданында "Біздің денсаулығымыз-өз қолымызда" ұранымен "Денсаулық фестивалі 2017" республикалық акциясы болып өтті.Акция барлық мекеме басшылары мен қызметкерлерінің,мектеп оқушылырының орталық стадионнан орталық алаңға дейінгі аралықтағы жүгіру марафонымен басталды.

09.09.2017ж .Алғабас ауылдық округінде Алға жастар ұйымы мен Қайсар спорт клубының ұйымдастыруымен "Денсаулық фестивалі" аясында веложорық өтті. Жəне осы фестиваль аясында бірқатар спорттық шаралар оздырылды.

2017 жылдың 1-7тамызы аралығында Қазақстанда Халықаралық баланы ана сүтімен тамақтандыру апталығының шеңберінде Ұлттық баланы ана сүтімен тамақтандыру апталығы өткізілді. «Баланы емізу- тұрақты дамудың кілті» атты психологиялық тренинг өтті. Тренинг барысында жас аналар мен жүкті әйелдерге ана сүтімен тамақтандыруды медициналық және психологиялық тұрғыдан маңыздылығын СӨС медбикесі психолог, гинеколог дәрігерлері атап өтті.

Сырым аудандық орталық ауруханасы бойынша әр аптаның сәрсенбі күні аурухана директоры Дусеев Мурат Баяшевич, директор орынбасары Тахамбетова Роза Куттыкожиевна аудан тұрғындарымен қабылдау ашық есік күні өткізіледі.