Өмірбаян

Мен, Тахамбетова Роза Құттықожиқызы 1963 жылы 12 қарашада Самара облысында дүниеге келді. 1981 жылы орта мектебін бітірді.

1987-1983 жылдары Ақтөбе мемлекеттік медициналық институтының балалар дәрігері мамандығы бойынша педиатрия факультетін бітіргеннен кейін, Орал облыстық балалар ауруханасында бір жылдық интернатурадан өтіп,Жымпиты аудандық ауруханасында дәрігер педиатр болып еңбек жолын бастады.

1998 жылы ұйымдастыру әдістемелік жұмыстары жөніндегі бас дәрігердің орынбасары,1999 жылы жымпиты ауылдық дәрігерлік амбулаторияның бас дәрігері болып тағайындалды.

2012 жылдан «Сырым аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚ МКК-ның денсаулық сақтау қызметінің ұйымдастыру және емдеу істері жөніндегі директордың орынбасары.

2013 жылы "Әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру"мамандығы бойынша І санат берілді.

2018 жылдан бері «Сырым аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК-ның директоры қызметін атқарып келеді.

«Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының мүшесі.

ҚР денсаулық сақтау Министрлігінің мақтау қағазымен марапатталған.

ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай денсаулық сақтау ісіндегі көп жылғы мінсіз адал еңбегі үшін құрмет грамотасымен марапатталды.

Тұрмыста, 3 баласы бар.

Сұрақ қою