Сырым аудандық ауруханасында «Ауруды басқару бағдарламасының үздік емделушісі» атты аудандық байқауы өтті.

Байқауға түрлі учаскелерден үміткерлер қатысты. Олар учаскелік дәрігердің есебінде тұрып, үнемі қабылдауға келіп, дәрісін алып, денсаулығын жақсартуға тырысқан науқастар – Нұрлы Шналиева, Мағрипа Иманғазиева, Күләш Айташова, Алдиярова Раушан, Роза Жусупова, Руслан Фазылов, Айсұлу Досжанова.
Үздік емделуші атағына үміткерлер алдымен өздерін таныстырды, екінші бөлімде өздерінің ауруларының әлеуметтік маңызы туралы айтты. Үшінші бөлімде ауруды басқару бағдарламасы туралы білімдерін сынға салды. Аудандық аурухананың психологы Әлия Құзайырова науқастармен тренинг өткізді.
Байқау нәтижесі бойынша Айсұлу Досжанова «Үздік емделуші» атанып, облыстық кезеңге жолданды.