Сырым аудандық ауруханасында 18-мен 29-қыркүйек аралығында Дүниежүзілік жүрек күніне ұштастырылған қан айналымы жүйесі ауруларының алдын алу он күндігіне орай 21- қыркүйек күні жүрек – қантамыры ауруларының алдын алу мақсатында емханада аудан тұрғындарына арналған қан  айналым жүйесі ауруларының алдыналу, салауатты өмір салтының негіздері және уақытылы скринингтік тексеруден өтудің маңыздылығы туралы дәрігерлердің тегін кеңесін, артериалдық қан қысымын өлшеу, қандағы қант деңгейін анықтау сияқты қызметтерді қамтыған «Денсаулық шатыры» ұйымдастырылды.